«Батырдың мәңгілік ерлігі»

Качир балалар үйінде іс-шаралар шегінде ҰОС 70-жылдық жеңісіне арналған «Бессмертный подвиг героя» атты жоба әзірленді. Жобаның мақсаты ҰОС жылдарындағы Кеңес халқының ерлігі мен батырлығы туралы тарихи естелікті сақтау, жастарда патриоттық сезімін және азаматтықты тәрбиелеу болып табылады. ҰОС ер батырларының арасында Качир ауданында туып-өскен біздің жерлестеріміз де бар. Андрей Николаевич Ёлгин Павлодар облысы, Качир ауылында туды. 1941 жылы қыркүйек айында майданға аттанды.Соғысты ештеңеден қорықпайтын батыр ретінде Н. Елгинға басшылық, сарбаздың абыройы болып табылатын әскери бөлімнің ең қасиеттісі – полктың ұрыс туын сеніп берді.

1944 жылдың 4 қарашасында, тудың жолағын беліне буа салып, аға сержант А. Н. Ёлгин бір топ жауынгерлерімен фашист басқыншыларының отты қоршауына енді. Фашисттермен ұрысқа түсіп, олардың көзін жойыды, бірақ аса ауыр жарақат алыды. Өз жарақатына қарамастан ол жауынгерлік жалауды есінен бір сәтке шығармады. Ол қайтпас кеңестік жауынгердің өмірінің бағасымен құтқарылды. Андрей Николаевич Ёлгинге өлгеннен кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Жобаның жүзеге асыру барысында балалар үйінің педагогтары мен тәрбиеленушілері А.Н.Ёлгиннің атымен аталған №1 ЖББОМ жауынгер даңқы атты мұражайына барып қайтты. А. Н. Ёлгиннің тұрған және майданға атанған үйіне, ескерткішіне экскурсиялар ұйымдастырылды. Сонымен қатар бүгін де үйдің тұрған көшенің аты да Батырдың атымен аталады. Балалар Тереңкөл ауылындағы Жеңіс бағында орналасқан Даңқ аллеясындағы ескерткіш тақталарына гүл салды. «Светлячок» тобының тәрбиеленушілері батырдың ерлігі жөнінде естелік альбомын ресімдеп, әдебиеттік композиция дайындады.

                                   ДТЖО: И. К. Слободенюк