«Батырдың мәңгілік ерлігі»

Качир балалар үйінде іс-шаралар шегінде ҰОС 70-жылдық жеңісіне арналған «Бессмертный подвиг героя» атты жоба әзірленді. Жобаның мақсаты ҰОС жылдарындағы Кеңес халқының ерлігі мен батырлығы туралы тарихи естелікті сақтау, жастарда патриоттық сезімін және азаматтықты тәрбиелеу болып табылады. ҰОС ер батырларының арасында Качир ауданында туып-өскен біздің жерлестеріміз де бар. Андрей Николаевич Ёлгин Павлодар облысы, Качир ауылында туды. 1941 жылы қыркүйек айында майданға аттанды.Соғысты ештеңеден қорықпайтын батыр ретінде Н. Елгинға басшылық, сарбаздың абыройы болып табылатын әскери бөлімнің ең қасиеттісі – полктың ұрыс туын сеніп берді.

Толығырақ«Батырдың мәңгілік ерлігі»
 

Ұлы жеңіске - 70 жыл

"Качиры балалар үй" КММ 2015 жылдың 28 қаңтарында ҰОС 70-жылдық жеңісіне арналған «Жеңіс біздікі болады» атты әскери-спорттық эстафетасын ДШ нұсқаушысы Д. Қ. Айтжанов жүргізді.

Іс-шараның мақсаты: отаншылдыққа тәрбиелеу, физикалық белсенділікті және шыдамдылықты дамытуға, адамгершілік пен жігерлік қасиеттерінің қалыптасуы.

Жарысқа тәрбиеленушілер арасында 6-9 сынып оқушылары 2 команда болып қатысты: «Пограничниктер» және «Танкистер» .

Эстафета келещек отан қорғаушыларға қажетті қасиеттеріне байланысты физикалық белсенділіктің күшіне және шыдамдылыққа, ептілікке өтті.

Қатысушылар абыроймен барлық сынақтарға қызықты да азрттық көңіл –күймен төтеп берді .Әр сынақ алдында нұсқаушы тапсырысты «жауынгерлік міндет» түрінде баяндап берді, сондықтан әр тапсырма «абыройлық іс» ретінде орындалды.

Эстафета атаулары сәйкесінше: «Оқ-дәрілерді алғы шепке жеткіз», «Миналанған алаң», «Дәл нысанаға», «Жаяу әскерлер», «Марш – жүгіру», «Жаралыны транспортировка жасау», «Асуда», «Өмір жолы» және т.б. аталды. Сайыс қатысушылары тек жақсы физикалық даярлықты ғана емес, жеңіске деген ерік-жігерді, командалық рухты, сондай-ақ алғашқы медициналық жәрдем беруді көрсетті. Жанкүйерлер, бүкіл жарыс бойы балаларды қолдап отырды. Сайыс барысын «Әскери кеңес» мүшелері қадағалады. Қорыта келе, тірескен күрес нәтижесі бойынша «танкшылар» командасы қарсыластарынан 2 ұпайға озып шықты.Екі команда да 1 және 2 дәрежелі дипломдарын, марапаттау сйылықтарын, жақсы көңіл-күй алды, ең бастысы, борышын орындағандарын сезінді.