Әскери – спорттық эстафетасы

2015 жылдың 2 мамыр күні «Павлодар облысының жергілікті жауынгерлері мен Ауған соғысының ардагерлері және мүгедектері» ҚҚ қолдауымен Павлодар облысының білім беру басқармасының Мичурин балалар үйі базасында ұйымдастырылған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған әскери – спорттық эстафетасына «Качиры балалар үйі» КММ тәрбиеленушілері қатысты.

 

Жарыс бірнеше кезеңдерде өткізілді: саптық қозғалыстар элементтерімен «Саптық әндер байқауы» , «Снайперлер», противогазды бір-біріне берумен «Кедергілелер жолағы», «Санитарлар конкурсы», «Гранатаны лақтыру», «Шапшаң және ептілер» - эстафетасы, «ККА толық емес бөлшектеп - құрастыру», «Арқан тартыс».Эстафетаның тікелей өткізілуі мен қашықтықтан төрелік ету АОТДТО төрешілер алқасымен жүзеге асрылды. Эстафетаның баст төрешісі- жергілікті жауынгерлер мен Ауған соғысының ардагерлері және мүгедектері ҚҚ директоры Б. Н. Майкотов. Ашылу салтанаты және жеңімпаздарды марапаттау әскери оркестірдің сүйемелдеуімен өтті. Эстафета басталуының алдында Павлодар қаласының мамандырылған мектеб-интернатының тәрбиеленушілері қару қолданумен қоян-қолтық ұрыстың элементтерін көрсетіп, балалар мен педагогтарды таңқалдырды.

Балалар эстафетаға қатысуға үлкен жауапкершілікпен қарады. Саптық дайындық элементтерін жасап көрсетуге басты назар аударылды. Әскери нысаналар балалардың шүйлігуін екі есе арттырып, барлық берілген элементтерін жоғары деңгейде орындап шығуға мәжбүр етті. Качир балалар үйінің тәрбиеленушілердің тырысуы лайықты бағаланды. Флегонтов Руслан «Ең жақсы командир» атты грамотасымен марапатталды. Балалар пинтбол федерациясы ұйымдастырған «Снайперлер» конкурсынан пневматикалық қаруынан атудан құрметті 3 орынды иеленіп, бірегей жетістіктер көрсетті. Жалпы командалық есепте біз мықты үштікке кірген жоқпыз, бірақ жалпы жақсы әсер алдық. Балалар сергектік, табандылық, жеңуге деген тырысушылық пен ерлік үлгісін алды. Ардагерлермен, сарбаз – интернационалисттермен алау жанындағы еркін әңгімелесу, гитарамен өлең айту естен кетпес әсер қалдырды. Балалар үйі тәрбиеленушілерінің домбырашылар тобы өз кезегінде соғыс жылдарының әйгілі «Катюша» өлеңін орындады.

Качир балалар үйінің әкімшілігі Қ.Оспанова атындағы № 3 мектебінің БӘД мұғалімі Әділбаев Сержан Асқарұлына әскери саптық дайындыққа қөмек көрсеткені үшін үлкен алғыс білдіреді.

                                         Качиры балалар үйі, ДТЖО: Слободенюк И. К.