Кең Масленица

Ақпанның 16- нан бастап ақпанның 22 дейін халық Масленица апталығын атап өтті. Аптаның әр күнінің өз атауы бар. Дүйсенбі – «Кездесу», сейсенбі– «Құйқылжулар», сәрсенбі– «Тәттішіл», бейсенбі – «Дырду текше», жұма – «Қайын ененің кештері», сенбі«Қайын бикенің отырыстары», жексенбі «Кешірілген күні» деп аталады. Бұл ежелден келе жатқан дәстүр және қазіргі күнде көптеген салттары өзінің алғашқы мағынасын өзгерткен. Қазіргі заманда бүкіл халық діни сеніміне, ұлтына қарамастан қыдырыстарға қуана қатысады. Көктем күннің белгісін білдіретін құймақ үлкендердің де кішілердің де сүйсіне жейтін дәмді тағамы болып табылады. Качир балалар үйінде Масленица мейрамы сүйікті мерекеге айналып, жыл сайын өткізіледі. Масленица мейрамына үлкендерімен бірге балалар да алдын ала дайындалады. Өлеңдер, тақпақтар жатталынады. Әзіл қойылымдары болады.

Мереке кезде ашық түсті киімдер дайындалады, жәрмеңке ұйымдастырылып, қолдан жасалынған заттарды, тігілген жұмсақ ойыншықтары сатылады. Қыстың шығарып салынуы және Көктемді қарсы алу мерекесі ақпанның 21 күні балалар үйінің орталық алаңында өтті. Масқарампаздың түрлі-түсті киімін киінген балалар қонақтарды мерекеге шақырды. Күле алмайтын ханшайымды ертегілер кейіпкерлері шат-шадыман көріністерді көрсетіп, күлдіруге тырысты. Балалар көңілді жылжымалы ойындарда шыдамдылыққа, ептілік, айлакерлік, тағы сондай-ақ, «Арқан тартыс», «Көпір арқылы секіру», «Шана тебу», « Қақпаға жыланмен тигізу», «Сыпыртқы лақтыру», «Табадағы құймақ», «Қырағы көз» сияқты қабілеттерін ашатын жарыстарға қатысты. Мереке аяқталғанша көңілді өлеңдер мен тақпақтар айтылды. Тәтті әзірлемелер, ұлпа құймақтар, буда-буда тоқаштар, қайнатылған самауыры бар дастархан жайылды. Әрине, бұл күні салттық дәстүрге айналған қызықты жарыстарсыз да болмады «Сыйлыққа жет» атты жарыста жүлделі – сыйлыққа жету үшін ересек тәрбиеленушілер мұзды бағанаға шықты. Бірінші болып шығынды бағындырған Тюлюбаев Василий болды содан соң Кузнецов Николай да жетті. Аминов Равильдің де Карпов Сашаның да жолдары болды. Дәстүр бойынша Масленицаның негізгі символы болып табылатын – сәнді киіндірілген қарақшыны өртеу мерекенің шарықтау шегі болды. Балалар аз-кем көңілсіздікпен қысты шығарып салып, әсем-көктемді шақыра бастады.

                                       Качир балалар үйінің  ДТЖО И. Слободенюк.