«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»

Тәрбиеленушілер махабатпен Қазақстанның анасы атымен атайтын  Сара Алпысовна Назарбаеваның  туған күнін тойлануына орай Качиры балалар үйінде 2015 жылдың ақпанның 2 –нен 12-не дейін аралықта «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігі өтті.
Онкүндіктің шегінде сурет конкурсы, шығармалардың, өздері шығарған өлеңдерінің конкурсы жарияланған болатын.


Конкурстарға қатысумен байланысты ақпанның бірінші күндерінен- ақ балалар жанға жайлы әурелерге батты. Сара Алпысовнаға арналған топтарда тәрбиешілермен бірлесіп стендтер рәсімденіп, жылы лебіздерімен құттықтау сөздері бар бұрыштар ілінді, ол туралы қызықты да мәнді және шығармашылық , тарихи  кезеңдік өмірінің суреттері мен авторлық кітап топтамалары болды. Балалар өздерінің шығармашылық жұмыстарында әлемге биік белесті адамдық қасиеттің құндылықтарын көтеретін «Алтын жүректі»- Әйел – анаға мейірімділік пен қамқорлығы үшін шексіз алғысын және құрметтеушілікті білдіруге тырысты.
Онкүндіктің қорытындысына «Алтын жүрек Анамыз» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді, мұнда   Сара Алпысовнаның атына  көпшілік әндер  құттықтау және алғыс сөздері айтылды. Музыкалық және би нөмірлер елдің бірінші ханымының өмір мен қызметі туралы слайдтың көрсетілімімен қоса берілді. Балалар үйінің директоры Үміт Марзағуловна балаларды мейірімділіктің нышаның білдіретін мейрамымен құттықтап, бір-бірлеріне жылы ілтипатылықпен қарауды, өзара көмектесе отыра жылы шырайлықтарын білдіруді шын ниетпен тіледі. Мерекелік іс-шара кезінде конкурстардың қорытындысы шығарылып, жүлдегерлерге мақтау қағаздары мен сыйлықтар тарту етілді. Мерекенің аяқталысымен балаларға мерекелік дастарған ұйымдастырылды.

ДТЖО: И.К.Слободенюк