Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара жөнінде ақпарат

2015 жылдың 15 желтоқсанында Качир балалар үйінде   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік «Тәуелсіздік тірегім» атты іс-шара өткізілді.Салтанатты шара дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Ең алдымен құттықтау сөзді балалар үйінің директоры Үміт Мырзағұлқызы Кабышева барлық ұжымды және тәрбиеленушілерді аталмыш мерекемен құттықтап,бұл мереке біздің мемлекетіміздің бостандығы мен биліктің символы болып саналады деп атап өтті.Көрсетілген слайдтар біздің халқымыз тәуелсіздігін алғалы бері Қазақстан тамаша ұлы тарихымен, ірі оқиғалар мен жетістіктері туралы естеріне салды. Мерекелік шара барысында тәуелсіздік, достық туралы және салтанатты әндер атап айтқанда «Туған жер», «Үш қоныр», «Желтоқсан желі», «Атамекен»әндері шырқалды. Лодочников Алексей мен Флегонтов Руслан қазақтың ұлттық аспабы домбырамен ұлттық нақышта қазақ әндерін шырқады. «Көбелек »тобының тәрбиеленушілері 1986 жылы болған желтоқсан оқиғаның қатысушылары Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Ассанова, Сабира Мухаметжанова, Ербол Сыпатаевқа естелік ретінде сол оқиғалардан үзінді көрсетті. Мерекенің соңында тақырыптық қабырға газет бойынша байқау қорытындысы шығарылды. Ең жақсы қабырға газеті «Айгөлек» тобының жұмысы болып табылды.