Туристер және патриоттар слёты.


     Балаларды қорғау күнінің іс-шаралар аясында 4 маусым күні Качир балалар үйінің тәрбиеленушілер «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ   кәсіподақ комитетінің қолдауымен туристік-патриоттық слеті өтті. Жарыстар екі кезеңде өтті: Туристік және патриоттық. Күннің бірінші жартысында «Патриоттар», «Активисттер» және «Импульстер» командалары «Вертикаль» және «Фарадей» спорттық- туристік клубы дайындаған жарыстардың барлық кедергілерінен өтті. Есепке командалардың дене-шынықтыру дайындығы, табиғаттағы дағдылары мен мінез-құлықтары және командалық бірлігі саналды. Балалар сондай-ақ картопты тазалау, от жағуға және жорыққа шықанда қажетті заттарды тез арада жинау. Жарыстың екінші кезеңі Павлодар қаласының «Майдан жолы» іздестіру жасағының өкілдерімен дайындаған жарыстар. Командалар АК бөлшектеу жинау, «магазинді» жабдықтау, плевматикалық винтовкадан ату, ҰОС тарихын білу, туристік және патриоттық әндер орындаудан жарыстар өткізілді. Іздестіру жасағының жетекшісі Александр Владимирович Шитов балаларға жасақтың қызметі, Волоколам түбіндегі табылған заттаржөнінде және іздестіру жұмыстарына қатысу туралы әсерлерімен бөлісті. Кезекті рет біздің тәрбиеленушілер патриотизмдік сабақ алып, салауатты өмір салтының артықшылығын бағалады. Жарыстың қорытындысы бойынша «Импульс» командасы жеңіске жетті. Барлық қатысушылар дипломдармен марапатталып, сыйлықтар алды. Бірақ бұл слёттың ең басты нәтижесі бұл балалар үйінің тәрбиеленушілері ашық қарым-қатынаста қызықты адамдармен кездесу.   Дені сау баланы дамытудың маңызды шарты-оның әлемге деген және қоршаған адамдарға деген сенімін қалауы.

                                                  И.К.Слободенюк Качир балалар үйі