Качир балалар үйіндегі балалық шақтағы мереке

 

1-маусым әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық қорғау күні тойланады. Бұл мереке балалар үшін тек қуанышты және сүйкімді мереке ғана емес, ол үлкендер үшін мұқтаж еткен балаларға қамқорлық көрсету, көмек беруге жауапты екенін еске түсіру. Бұл күні Качир балалар үйінің балаларына «Ет бастау» ЖШС өкілдерімен және «ALDASPAN» жастар орталығымен мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Қонақтар балаларға сыйлық ретінде үстел ойындарын, ойыншықтар, тәттілер, жемістер мен балмұздақтар әкелді. Балалар үйінің үлкен балалары мәдениет үйінде өткен «Қызыл телпек және барлығы » қойылымын тамашалады. Мәдениет үйінің алаңында Тереңкөл ауылының кәсіпкерлері балалар үшін көңілді аттракциондар, баттуттар, балмұздақ және тәтті мақталар ұсынылды.Бірақ бұл қуанышты әсерде мереке әлі-де аяқталған жоқ. Күннің екінші жартысында Качиры балалар үйіне балаларға арналған сыйлықтарымен Павлодар қаласынан байкерлер қонаққа келді, олар тәрбиеленушілерді өздерінің темір тұлпарларының қуатымен сұлулығымен таңқалдырды. Балалар қонақтармен әңгімелесіп қана қоймай, темір тұлпарларымен қыдырып келді. Күннің соңында тәрбиеленушілермен «Урлютюб » шекара қызметкерлерімен футболдан ойынынан достық кездесу болды. Ойын 6:3 есебімен аяқталып тәрбиеленушілер жеңіске жетті.Балалар сыйлыққа футбол доптарымен тәттілер алды, ал ең бастысы мерекелік дастархан үстінде достық әңгіме құрғандары болды. «Бұл кездесуден үлкен қуат алдық, жақсы көңіл күй және алдағы уақытта да осындай ашық жарқын талантты балалармен достық қарым-қатынасымызды сақтап қалатынымызға сенімдімін»,- деді шекара отрядының бастығы Сержан Болатұлы Нурпейсов.

Балалар қорғау күні шеңберіндебалалар тағы бір қызықты іс –шара ға мұқият дайындалуда. 4- маусым Қазақстан Электролиз зауыты «Майдан жолы» ізденіс отряды «Вертикаль» ,«Фарадей» туристік спорт клубымен бірлесе отырып біздің балаларға қонаққа келеді.