Наурыз мейрамы

 

2015 жылдың наурыздың 21 күні «Качиры балалар үйі» КММ ұжымы Наурыз мейрамына арналған бүкіл халықтық тойлауға   қатысып, Тереңкөл ауылының жағажай алаңынында киіз үй тікті. Киіз үйдің іші қазақ халқының ұлттық нақышына сай болды. Сондай-ақ , рәсімдеуде 2015 жылы тойланатын белгілі даталар айшықталды.Киіз үйді таныстыру блок бойынша, Качиры балалар үйінің тәрбиеленушілердің қатысуымен өтті. Комиссия мүшелерін киіз үйге кіре берісте біздің елде тұратын түрлі ұлттардың киімдерін киген балалар қарсы алды. Сәлемдесулер әр түрлі тілде естілді.Қонақтарға қонақжайлылықтың символы ретінде ұлттық тағамдар ұсынылды. Әрі қарай балалар Қазақстан Халықтар Ассамблеясының 20- жылдығына, Қазақ хандығының 550- жылдығына және ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына байланысты кішігірім әдеби – музыкалық композицияларын ұсынды. Қойылымда, джунгарларға қарсы күресте халықты бірлікке шақырған Абылай хан мен Абулхаир ханның кеңесшісінің кездесулерін суреттеген көрініс орын алды. Лодочников Алексейдің орындауында «Казақ осы» термесі айтылды.Әрі қарай қазақстандық – жерлестердің екінші халықаралық соғысындағы батырлық ерліктері туралы жырланды. Соңында бейбітшілік пен берекені білдіретін «Той» аспаптық композициясы айтылды. Балалар үйінің тәрбиеленушілері қонақтарды өздерінің тартылымдылығымен әртістік және музыкалық қабілеттерімен өздеріне тартты.

Байқау нәтижесніде Качир балалар үйінің ұжымына мадақтау сыйлығы табыс етілді.

                                                                                         ДТЖО: И.К.Слободенюк