«Качиры балалар үйі» КММ тәрбиеленушілердің күзгі демалыс кезінде өткізген іс-шаралар туралы ақпарат

Күздік демалыс Качир балалар үйінде қызықты, жайдарлы және жалынды өтті. Топтарда шығармашылық шеберханалар, спорттық жарыстар, танымдық викториналар, қозғалғыш ойындар жоспарланып өткізілді. Одан басқа Качир ауданының музыкалық мектебінің оқытушыларымен кездесу өткізілді. Балалар назарына домбыра сыныбының оқытушысы Иманғазы Мәриам «Қазақ халқының көне аспаптары» атты презентациясын ұсынды. Қазақ ұлттық аспаптарында асатаяқ, сылдырмақ, тұяқтас, домбыра сияқты шеберлік орындалған ойыны үлкен қызуғышылықты оятты. Викторина кезінде балалар қазақ халқының ұлттық аспаптары туралы тамаша білімдерін көрсетті. Балалар әуендерді, аспаптардың атауларын олардың дыбыстауына қарай онай тапты. Іс – шара кезінде балалар Қозған Жарманның ән айтуымен домбыра сыныбының оқытушысының орындауында күй мен термелерді тыңдады. Музыкалық мектебінің ұстаздарымен кездесулер үлкен-кішіге болсын жағымды жан толғанысын қалдырды.

Качир балалар үйінде 7 қараша күні «Туған күн иелері» атты дәстүрлі күн өтті. Өзінің туған күндерін күздің кезіне, белгілеген тәрбиеленушілерді музыкалық және хореографиялық нөмірлермен оның достары құттықтады Балалар айла тәсіліне, тапқырлыққа, зеректікке байланысты сайыстарға қатысты. Мейрамда көңілді көңіл-күй, жалынды күлкі, бақытты көздер және туысқандық тілектер орын алды. Сыйлықтардың табысталуы қызықты ойын түрінде өтті. «Поварёнок» атты үйірме жетекшісінің көмегімен пісірілген мейрамдық торттың пайда болуымен мереке жалғасын тапты. Құпиялық тілектерін тілеп, туған күн иелері жұмыла шамдарды сөндірді. Мейрамның түскі асы ауылдық кәсіпкерлері З. А. Зуенко мен А.И. Гуцал сыйлық түрінде жіберген тәтті тағаммен және жемістермен толықтырылды. Балаларға тәрбиешілер жарық музыкасын сыйлады, мереке би кешімен аяқталды.

                                                                                       ДТЖО: И. К. Слободенюк