Қайырымды жүрек

«Қашыр балалар үйінде» 2015 жылдың 29 қазан күні «Қайрымды жүрек» атты мерекелік шара откізілді. Ол «Қамқоршы күні» деп аталады. Бұл күні жүректері мейірімге толы, жылу мен сүйіспеншілікті мол адамдарды құрметедік. Шараның мақсаты қамқоршыларға тәрбиелеу және баланың отбасына бейімделуіне көмек көрсету, сонымен қатар олардың төзімділік пен еңбектеріне ризашылық білдіру. Мерекеге қамқоршылар мен патронаты тәрбиешілер балаларымен шақырылды. Бейсембинов, Миллер, Токабаев, Туравинин, Пахандрин, Шайхин, Алетаевтың отбасылары өздерінің тәрбиелеу тәжирибесімен бөлісті. Мерекелік шарада өте жылы, бақытты және қуанышты, отбасының құндылықты сөздер айтылды. Әрбір отбасы өзінің бет карточкасын слайд арқылы көрсетті. Олардың шағармашылық өнеріне шек болмады. Тәрбиеленушілер өздерінің сүйікті тағамдары туралы және өздерінің қандай үлестерін қосқаның айтты. Шығармашылық нөмірде олар бар қабілеттерін көрсете білді. Лирикалық тақпақтар және көңілді өлеңдер айтылды. «Ана» өлені Полтарақ Долорес және «Асыл ана» Мендрышора Дания , Дария нәзік,жылы әндерімен мерекенің сәнін келтірді. Ал көңілді биді Туравинина Ксения асыранды сіңілісі Катямен келушілерді көңілдірді.

«Нұр Отан» партиясының орынбасары Аменова Галия Негматовна отырғандарды мерекемен құттықтады, ол тәрбиешілер Туравинина Светлана Викторовна мен Бейсембинова Алмагуль Алексеевнаға олардың балаларды тәрбиелеу жұмысындағы табыстары үшін алғыс хатпен марапатады.

Райондық оқу бөлімнің балалардың құқық қорғау бөлімнің бас маманы Уюкбаева Гульмира Балгабаевна өз сөзінде қамқоршыларға балаларды тәрбиелеу жұмысындағы еңбектерінің жемісті болуына үмітін артты.

Балалар үйінің директоры Қабышева Үміт Марзагуловна қатысушыларға өз ризалығын білдіріп, патронаттық тәрбиешілерге бағалы сыйлықтар табыс етті.