Туристер және патриоттар слёты.


     Балаларды қорғау күнінің іс-шаралар аясында 4 маусым күні Качир балалар үйінің тәрбиеленушілер «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ   кәсіподақ комитетінің қолдауымен туристік-патриоттық слеті өтті. Жарыстар екі кезеңде өтті: Туристік және патриоттық. Күннің бірінші жартысында «Патриоттар», «Активисттер» және «Импульстер» командалары «Вертикаль» және «Фарадей» спорттық- туристік клубы дайындаған жарыстардың барлық кедергілерінен өтті. Есепке командалардың дене-шынықтыру дайындығы, табиғаттағы дағдылары мен мінез-құлықтары және командалық бірлігі саналды. Балалар сондай-ақ картопты тазалау, от жағуға және жорыққа шықанда қажетті заттарды тез арада жинау. Жарыстың екінші кезеңі Павлодар қаласының «Майдан жолы» іздестіру жасағының өкілдерімен дайындаған жарыстар. Командалар АК бөлшектеу жинау, «магазинді» жабдықтау, плевматикалық винтовкадан ату, ҰОС тарихын білу, туристік және патриоттық әндер орындаудан жарыстар өткізілді. Іздестіру жасағының жетекшісі Александр Владимирович Шитов балаларға жасақтың қызметі, Волоколам түбіндегі табылған заттаржөнінде және іздестіру жұмыстарына қатысу туралы әсерлерімен бөлісті. Кезекті рет біздің тәрбиеленушілер патриотизмдік сабақ алып, салауатты өмір салтының артықшылығын бағалады. Жарыстың қорытындысы бойынша «Импульс» командасы жеңіске жетті. Барлық қатысушылар дипломдармен марапатталып, сыйлықтар алды. Бірақ бұл слёттың ең басты нәтижесі бұл балалар үйінің тәрбиеленушілері ашық қарым-қатынаста қызықты адамдармен кездесу.   Дені сау баланы дамытудың маңызды шарты-оның әлемге деген және қоршаған адамдарға деген сенімін қалауы.

                                                  И.К.Слободенюк Качир балалар үйі  

 

Качир балалар үйіндегі балалық шақтағы мереке

 

1-маусым әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық қорғау күні тойланады. Бұл мереке балалар үшін тек қуанышты және сүйкімді мереке ғана емес, ол үлкендер үшін мұқтаж еткен балаларға қамқорлық көрсету, көмек беруге жауапты екенін еске түсіру. Бұл күні Качир балалар үйінің балаларына «Ет бастау» ЖШС өкілдерімен және «ALDASPAN» жастар орталығымен мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Қонақтар балаларға сыйлық ретінде үстел ойындарын, ойыншықтар, тәттілер, жемістер мен балмұздақтар әкелді. Балалар үйінің үлкен балалары мәдениет үйінде өткен «Қызыл телпек және барлығы » қойылымын тамашалады. Мәдениет үйінің алаңында Тереңкөл ауылының кәсіпкерлері балалар үшін көңілді аттракциондар, баттуттар, балмұздақ және тәтті мақталар ұсынылды.Бірақ бұл қуанышты әсерде мереке әлі-де аяқталған жоқ. Күннің екінші жартысында Качиры балалар үйіне балаларға арналған сыйлықтарымен Павлодар қаласынан байкерлер қонаққа келді, олар тәрбиеленушілерді өздерінің темір тұлпарларының қуатымен сұлулығымен таңқалдырды. Балалар қонақтармен әңгімелесіп қана қоймай, темір тұлпарларымен қыдырып келді. Күннің соңында тәрбиеленушілермен «Урлютюб » шекара қызметкерлерімен футболдан ойынынан достық кездесу болды. Ойын 6:3 есебімен аяқталып тәрбиеленушілер жеңіске жетті.Балалар сыйлыққа футбол доптарымен тәттілер алды, ал ең бастысы мерекелік дастархан үстінде достық әңгіме құрғандары болды. «Бұл кездесуден үлкен қуат алдық, жақсы көңіл күй және алдағы уақытта да осындай ашық жарқын талантты балалармен достық қарым-қатынасымызды сақтап қалатынымызға сенімдімін»,- деді шекара отрядының бастығы Сержан Болатұлы Нурпейсов.

Балалар қорғау күні шеңберіндебалалар тағы бір қызықты іс –шара ға мұқият дайындалуда. 4- маусым Қазақстан Электролиз зауыты «Майдан жолы» ізденіс отряды «Вертикаль» ,«Фарадей» туристік спорт клубымен бірлесе отырып біздің балаларға қонаққа келеді.

 

Наурыз мейрамы

 

2015 жылдың наурыздың 21 күні «Качиры балалар үйі» КММ ұжымы Наурыз мейрамына арналған бүкіл халықтық тойлауға   қатысып, Тереңкөл ауылының жағажай алаңынында киіз үй тікті. Киіз үйдің іші қазақ халқының ұлттық нақышына сай болды. Сондай-ақ , рәсімдеуде 2015 жылы тойланатын белгілі даталар айшықталды.Киіз үйді таныстыру блок бойынша, Качиры балалар үйінің тәрбиеленушілердің қатысуымен өтті. Комиссия мүшелерін киіз үйге кіре берісте біздің елде тұратын түрлі ұлттардың киімдерін киген балалар қарсы алды. Сәлемдесулер әр түрлі тілде естілді.Қонақтарға қонақжайлылықтың символы ретінде ұлттық тағамдар ұсынылды. Әрі қарай балалар Қазақстан Халықтар Ассамблеясының 20- жылдығына, Қазақ хандығының 550- жылдығына және ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына байланысты кішігірім әдеби – музыкалық композицияларын ұсынды. Қойылымда, джунгарларға қарсы күресте халықты бірлікке шақырған Абылай хан мен Абулхаир ханның кеңесшісінің кездесулерін суреттеген көрініс орын алды. Лодочников Алексейдің орындауында «Казақ осы» термесі айтылды.Әрі қарай қазақстандық – жерлестердің екінші халықаралық соғысындағы батырлық ерліктері туралы жырланды. Соңында бейбітшілік пен берекені білдіретін «Той» аспаптық композициясы айтылды. Балалар үйінің тәрбиеленушілері қонақтарды өздерінің тартылымдылығымен әртістік және музыкалық қабілеттерімен өздеріне тартты.

Байқау нәтижесніде Качир балалар үйінің ұжымына мадақтау сыйлығы табыс етілді.

                                                                                         ДТЖО: И.К.Слободенюк

 

«Качиры балалар үйі» КММ-де Масленица атты салт-дәстүрлік көңіл көтеру өткізілуі туралы ақпарат.

 

2015 ж. - ақпанның 16- нан бастап ақпанның 22 дейін халық Масленица апталығын атап өтті. Аптаның әр күнінің өз атауы бар. Дүйсенбі – «Кездесу», сейсенбі– «Құйқылжулар», сәрсенбі– «Тәттішіл», бейсенбі – «Дырду текше», жұма – «Қайын ененің кештері», сенбі«Қайын бикенің отырыстары», жексенбі «Кешірілген күні» деп аталады. Бұл ежелден келе жатқан дәстүр және қазіргі күнде көптеген салттары өзінің алғашқы мағынасын өзгерткен. Қазіргі заманда бүкіл халық діни сеніміне, ұлтына қарамастан қыдырыстарға қуана қатысады. Көктем күннің белгісін білдіретін құймақ үлкендердің де кішілердің де сүйсіне жейтін дәмді тағамы болып табылады. Качир балалар үйінде Масленица мейрамы сүйікті мерекеге айналып, жыл сайын өткізіледі. Масленица мейрамына үлкендерімен бірге балалар да алдын ала дайындалады. Өлеңдер, тақпақтар жатталынады. Әзіл қойылымдары болады. Мереке кезде ашық түсті киімдер дайындалады, жәрмеңке ұйымдастырылып, қолдан жасалынған заттарды, тігілген жұмсақ ойыншықтары сатылады. Қыстың шығарып салынуы және Көктемді қарсы алу мерекесі ақпанның 21 күні балалар үйінің орталық алаңында өтті. Масқарампаздың түрлі-түсті киімін киінген балалар қонақтарды мерекеге шақырды. Күле алмайтын ханшайымды ертегілер кейіпкерлері шат-шадыман көріністерді көрсетіп, күлдіруге тырысты. Балалар көңілді жылжымалы ойындарда шыдамдылыққа, ептілік, айлакерлік, тағы сондай-ақ, «Арқан тартыс», «Көпір арқылы секіру», «Шана тебу», « Қақпаға жыланмен тигізу», «Сыпыртқы лақтыру», «Табадағы құймақ», «Қырағы көз» сияқты қабілеттерін ашатын жарыстарға қатысты. Мереке аяқталғанша көңілді өлеңдер мен тақпақтар айтылды. Тәтті әзірлемелер, ұлпа құймақтар, буда-буда тоқаштар, қайнатылған самауыры бар дастархан жайылды. Әрине, бұл күні салттық дәстүрге айналған қызықты жарыстарсыз да болмады «Сыйлыққа жет» атты жарыста жүлделі – сыйлыққа жету үшін ересек тәрбиеленушілер мұзды бағанаға шықты. Бірінші болып шығынды бағындырған Тюлюбаев Василий болды содан соң Кузнецов Николай да жетті. Аминов Равильдің де Карпов Сашаның да жолдары болды. Дәстүр бойынша Масленицаның негізгі символы болып табылатын – сәнді киіндірілген қарақшыны өртеу мерекенің шарықтау шегі болды. Балалар аз-кем көңілсіздікпен қысты шығарып салып, әсем-көктемді шақыра бастады.

                                       Качир балалар үйінің  ДТЖО И. Слободенюк.

 

«Качиры балалар үйі» КММ тәрбиеленушілердің күзгі демалыс кезінде өткізген іс-шаралар туралы ақпарат

Күздік демалыс Качир балалар үйінде қызықты, жайдарлы және жалынды өтті. Топтарда шығармашылық шеберханалар, спорттық жарыстар, танымдық викториналар, қозғалғыш ойындар жоспарланып өткізілді. Одан басқа Качир ауданының музыкалық мектебінің оқытушыларымен кездесу өткізілді. Балалар назарына домбыра сыныбының оқытушысы Иманғазы Мәриам «Қазақ халқының көне аспаптары» атты презентациясын ұсынды. Қазақ ұлттық аспаптарында асатаяқ, сылдырмақ, тұяқтас, домбыра сияқты шеберлік орындалған ойыны үлкен қызуғышылықты оятты. Викторина кезінде балалар қазақ халқының ұлттық аспаптары туралы тамаша білімдерін көрсетті. Балалар әуендерді, аспаптардың атауларын олардың дыбыстауына қарай онай тапты. Іс – шара кезінде балалар Қозған Жарманның ән айтуымен домбыра сыныбының оқытушысының орындауында күй мен термелерді тыңдады. Музыкалық мектебінің ұстаздарымен кездесулер үлкен-кішіге болсын жағымды жан толғанысын қалдырды.

Толығырақ«Качиры балалар үйі» КММ тәрбиеленушілердің күзгі демалыс кезінде өткізген іс-шаралар туралы ақпарат